2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда байланыс қызметтерінің көлемі 1,1 трлн теңгеден астамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% артық, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес 42,9% Интернет қызметтеріне тиесілі. Одан кейінгі орында ұялы байланыс – 22,8%. Басқа телекоммуникация қызметтері 21,1%-ды құрайды.
Телекоммуникациялық сымды және сымсыз желілер арқылы деректерді беру қызметтері 4,8% құрайды. Кабельдік инфрақұрылым, сымсыз және спутниктік желілер арқылы бағдарламаларды тарату қызметтері 4,1%, жергілікті телефония - 2,6%, қалааралық және халықаралық телефония - 1,7% құрайды.
2022 жылғы желтоқсанда тіркелген телефон желісінің 2 835 мың бірлігі, ұялы байланыс абоненттері – 25 124,2 мың бірлік, интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттері – 17 400,5 мың бірлік, тіркелген интернет абоненттері – 2 891 мың бірлікті құрады.